"Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ
03.12.2025 жылы 11"А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен Б.Р. Қыдырова "Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: - таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу; - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.