АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
26
ақпан
2020

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Ата-аналар!  Өз балаңыздың өмірі үшін ең алдымен сіз 

                        жауаптысыз!

Балаңызды қатыгездікпен қараудан және сексуалдық пайдаланудан қорғау үшін, Сіз

  • Отбасында  бала ересектермен кез келген мәселені еркін талқалай алатындай, сізге сенетіндей әрі сізбен кез келген тақырыпта әңгімелесуге болатынын және пікірі мен сезімі үшін жазаланбайтынын білетіндей жағдай жасаңыз.Сізге сырын айтқан үшін баланы көтермелеңіз, себебі бұл – қауіп-қатерді болдырмауға көмектесетін маңызды шарттардың бірі.
  • Сабырлық сақтаңыз және баланың өміріндегі оқиғалар туралы, достары немесе таныстары туралы әңгімесін мұқият тыңдаңыз. Бір қарағанда, мағынасы жоқ; «Маған бұл мұғалім енді ұнамайды» немесе «Бұл ағаның қонаққа келгенін қаламаймын» деген сөздер үлкен хабар беруі мүмкін. Баладан қатынасының өзгеруіне не себеп болғанын жайлап әрі байсалды сұраңыз.
  • Балаға оның уайымы, қорқынышы және қынжылысы туралы сұрақтар қойып үйреніңіз.
  • Баланың басқа балалармен және ересектермен өзара қарым-қатынасы туралы хабардар болыңыз. Баланың басқа адамдармен қарым-қатынасының құпиялығы сізді алаңдатуы тиіс.
  • Балаңызбен мектепте және сабақтан бос уақытта жұмыс істейтін ересектермен (мұғалімдермен, тәрбиешілермен, үйірме жетекшілерімен  және т.б.) танысыңыз.
  • Балаңыздың қайда және кіммен екендігін әрқашан біліп отырыңыз.
  • Баланың түнде үйге қонбауына баса назар аударыңыз.
  • Балалардың (әсіресе мектеп жасындағы) мүмкін болған кезде екеуден немесе топпен жүруін қадағалаңыз.Балалар үйге бір ғана жолмен келуі тиіс.
  • Баланы қоғамдық дәретханаға жалғыз өзін жібермеңіз.
  • Баланың үйде жалғыз қалғанда немесе үйден тыс жерде қауіп-қатерге ұшырамауы үшін отбасылық қауіпсіздік ережелерін жасаңыз. Егер мектеп жасындағы кішкентай бала болса, онда қауіпсіздік ережелерін ойын түрінде үйрету қажет, мәселен, үнемі «Ал егер ... былай болса» деген ойын ойнаңыз.
    • Үйдің (пәтердің) кіретін есігі әрқашан жабық және құлыптап жабылған болуы тиіс.
    • Бөтен адамдарға, тіпті егер бұл пошташы, милиционер, сантехник немесе көрші болса да есікті ашуға болмайды.
    • Бала үйде жалғыз болғанда, оның телефон бойынша телефон соғушыға ата-анам үйде жоқ деудің орнына, анасының және әкесінің қолы бос емес, оларға не айту керек деген жауабы ең қауіпсіз жауабы болып табылады.
    • Бала егер ол қорықса немесе қысылтаяң жағдайда тап болса, ата-аналары және ересектер үйде болмаса достарының немесе көршілерінің қайсысына телефон соға алатындығын білуі тиіс.
    • Телефон   аппаратының қасына жедел қызметтердің телефон нөмірлерін жазып қойған жөн.
    • Баланы телефон-автоматты пайдалануға үйретіңіз.
    • Баланың үйдің телефонын және үйдің мекен-жайын жатқа білуін қадағалаңыз.
    • Егер бала белгілі жерлерге (мектеп, дүкен, спорт секциясы және т.б.) үнемі баратын болса, онымен бірге ең қауіпсіз жолды таңдап алу керек.
    • Кездейсоқ жағдайда қауіпсіздіктің жасырын сөзін (кодтық сөз) пайдалану туралы жанұяда келісіп алыңыз. Бааның қауіпті жағдайда қалған және көмекті қажет етуін білдіретін белгі ретінде баланың пайдалануына есінде оңай сақталатын сөздерді таңдап алыңыз.
  • «Ал егер бұлай болса...?» түріндегі ойынды ойнағанда, Сіздің баланы неге үйреткеніңізді түсінгендігін тексеріңіз.
    • Баламен ерекше жағдайларды және оның жеке қауіпсіздігі туралы кез-келген басқа ақпараттарды талдаңыз, мысалы, егер ол дүкенде адасып кетсе, автобустан қалып қойса, үйдің кілтін жоғалтса/ұмытып кетсе және т.б. жағдайларда не істейді?
    • Бала дұрыс шешім таңдауға қатыссын.
    • Адамға емес, жағдайға басты назар аударыңыз.
    • Бейтаныс адам немесе бір топ адам қатысатын жағдайды ойынмен көрсетуден бастаңыз. Одан әрі қарай бала білетін адамдарға көшіңіз;мысалы, аула сыпырушы, сантехник немесе көрші, одан кейін баланың жақсы көретін адамдары – аға-інілері/әпке-қарындастары, тәте/көкелері, ата/әжелері, өгей әкесі/өгей анасы және т.б.
    • Нақты сұрақ қойыңыз: «Егер сені мынадай адам машинада серуендеуге, паркте болуға, мысықты/күшікті алып шығу үшін жертөлеге және т.б. баруға шақырса сен не істейсің?»
    • Балаға бұл адамның кім болса да, баланың әрекеті бірдей болу керектігіне назарын аудартыңыз. Егер бала бұрыс жауап бермесе, мұны талқылаңыз. Балаға осындай жағдайларда не істеуі керектігін айтуға көмектесіңіз. Егер балаға ықтимал қауіпті жағдайлар туралы өте анық айтпаса, бала бәрін дұрыс түсінді деп сенімді болуға болмайды.
  • Баланы өз сезіміне, түйсігіне сенуге үйретіңіз. Осылайша, ол ықтимал қауіпті анықтап, одан қанша алады.
  • Егер ол қаламаса, тіпті туысыңның немесе отбасына жақын таныс адамның тарапынан болса да, ересек адамды құшақтаудан немесе сүюден бас тарту құқығын қолдаңыз. Мұның орнына жылы сезімді білдіру үшін жай сөйлеуге және/немесе қол алысуға болады.
  • Баланы жақсы, жаман және ұялтатын жанасуларды ажырата білуге үйретіңіз!
    • Жақсы жанасулар баланың жақсы көретін адамдары құшақтағаны сияқты немесе достардың қол алысуы сияқты қашан да жағымды.
    • Жаман жанасулар зиян келтіреді және құтылғысы келетін және жанына жарақат салуы мүмкін жағымсыз ойлар қалдырады.
    • Ұялататын жанасулар ұялтады, тыныштығын бұзады, әдеттен тыс абыржытады. Оларға жағымды сияқты басталатын, одан кейін ауыртатын жанасулар жатады. Мысалы, өте ұзаққа жалғасқан қытықтау. Бұл немесе бала онша танымайтын адамдардың жағымды жанасулары немесе дененің жыныс мүшелеріне бөгде адамның ұстауы болуы мүмкін.
    • Егер қандай да бір жанасулар ауыртатын болса немесе ұялтатын болса, бала:

§  мұны жасаған адамның көзіне қарап қатты даусыпен «ЖОҚ» деп айтуға;

§  қашып кетуге;

§  өзі сенетін ересекке осы туралы атуға тиіс.

  • Тәрбиелі балалардың ересектерді құрметтеуі тиіс болса да, ересектердің үлкен  болғандығынан және тыңдауды талап етуіне қарамастан, әрбіреуге бағына беруге болмайтындығын балаға түсіндіру керек. Кейде бұл қауіпті болуы және қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Жеке басына ешкімнің тиспеуі әрбір адамның құқығы болып табылады. Бала ваннада жуынғанда, есікті жабуға үйреткендей, баланың жеке басына кез-келген қол сұғуларға қатаң түрде «жоқ» деп айтуға үйретіңіз.
  • Баланы әртүрлі жастағы балалар көп болатын жаздық лагерге немесе басқа демалыс орындарына жіберген кезде, егер ересектеу балалар онымен жөнсіз немесе жағымсыз әрекеттер жасайтын болса, ол айқайлауға, көмек сұрауға, жұлқынып шығуға, тістеуге, тырнауға және т.б. жасауға құқылы екендігін білуі тиіс. Бала мұндай жағдайларды талқылау басталған жағдайда сіздің оны жақтайтындығыңызға сенімді болуы тиіс. Жасөспірімдер ойнға айналдырып, бірін-бірі басқару қарым-қатынастарын орнату үшін жасы кішірек балаларды ауыз арқылы немесе анальді жыныстық қатынастарға мәжбүрлеген жағдайлар да болады.
  • Уақыт өткен сайын өз балаңызға, егер онымен қандай да бір оқиға болса, ол туралы сізге немесе басқа ересек адам сенбесе немесе оған мән бермесе, бала кім болса да оған мән беріп шара қолдағанға дейін айтуға талпыну тиіс.                                                                                                


ЕГЕР СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ БІР ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛСА

  • Байсалды болуға тырысыңыз, өзіңізді қалыпты ұстаңыз, болған оқиғаға қатысты ашуыңызды басуға тырысыңыз. Баланың өзін ренжіткен адамды міндетті түрде жек көріп кетеді немесе оған ашуланады деп ойламаңыз, себебі ол оның отбасы мүшесіне немесе жақын адамы болуы мүмкін. Егер сіз ашуланатын болсаңыз, бала өзін кінәлі сезінуі мүмкін және бұл оның ауыр жағдайын одан бетер ауырлатуы мүмкін.
  • Оның сұрақтарына сабырлықпен жауап беріңіз. Оны жаман ешнәрсе істемегендігіне сендіріңіз және бұл оның кінәсі еместігін айтыңыз, оны жұбатыңыз және мынадай сөздермен жұбатуға болады: «Маған айтқаның жақсы болады» , «Сен дұрыс істедің. Сен бұған кінәлі емессің» , «Мұндай жағдайға жалғыз сен ғана душар болған жоқсың, бұлай басқа балалармен де болады» және т.б.
  • Ашуланып тұр ма, қорқып тұр ма, уайымы немесе үрейі бар ма баланың сезімін түсінуге тырысыңыз.
  • Балаға оны қорғайтыныңызды айтыңыз.
  • Құшақтап, еркелетіңіз. Баланың жақсы көретін адамымен байланысу ол үшін маңызды.
  • Баланың көңілін көтеріңіз.
  • Бала үшін қауіпсіз орта жасаңыз.
  • Ол дайын емес істі істеуге мәжбүрлемеңіз.
  • Оған күнделікті іс-әрекетін жылдам қалпына келтіруге көмектесіңіз.
  • Өзіңіз орындай алмайтын уәде бермеуге тырысыңыз. Мысалы, «Сені ренжітке адамға ештеңе болмайды» (егер ренжітуші өзінің жақын адамы болса).
  • Балаға өзіңіздің не істейтініңіз туралы айтыңыз, және оның сіздің ойыңызбен келісетіндігін сұраңыз (мысалы, дәрігерге немесе милицияға бару).
  • Баланың жалғыз қалуы құқығын құрметтеңіз.
  • Құқық қорғау органдарына, медициналық мекемелерге, мектепке және т.б. хабарласыңыз.
  • Балалар психологынан кеңес алыңыз. Сіз кәсіби психологиялық көмекті неғұрлым ертерек алсаңыз, баланың алған жаратқатының оның кейнгі өмірінде із қалдыру ықтималдығы да азырақ болады.
  • Өзіңіз де психологтың көмегіне жүгініңіз, себебі балаңызбен болған жағдай туралы ойдың өзі сізге жарақат салуы мүмкін және болашақтағы психологиялық күйіңізге ауыр салдарлар тигізуі мүмкін.


Похожие публикации:

25 тамыз 2018 Ата-аналарға!
15 қаңтар 2018 Мамандық таңдау
11 қаңтар 2018 Жиналыс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив