БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
26
ақпан
2020

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА


ӘРҚАШАН АТА-АНАҢА НЕМЕСЕ ӨЗІҢ СЕНЕТІН ЕРЕСЕК АДАМҒА ӨЗІҢДІ АЛАҢДАТАТЫН ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ АЙТЫП ОТЫР.


ЕШҚАШАН ШАЛА ТАНЫС НЕМЕСЕ БЕЙТАНЫС АДАМНЫҢ МАШИНАСЫНА ОТЫРМА.ТАНЫС АДАМДАРДЫҢ МАШИНАСЫНА БҰЛ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРЫҢ БІЛЕТІН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ОТЫРУ КЕРЕК.


АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДА ТАНЫС ЕМЕС ҮЙЛЕР МЕН ПӘТЕРЛЕРГЕ КІРМЕ.ЖАҚЫН МАҢДА ОРНАЛАСҚАН ДӘРІХАНА, ДҮКЕН НЕМЕСЕ ПОЛИЦИЯ СЕКІЛДІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАР.


ҚОҒАМДЫҚ ДӘРЕТХАНАҒА ӨЗІҢ ЖАЛҒЫЗ КІРМЕ.


ЕГЕР ӨЗІҢНЕН ҮЛКЕН БАЛАЛАР САҒАН ТЕРІС ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ҚЫЛЫҚТАР КӨРСЕТСЕ, СЕН АЙҒАЙЛАП, КӨМЕККЕ ШАҚЫРА АЛАСЫҢ ЖӘНЕ ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІН ЗАҚЫМДАЙ АЛАСЫҢ.


ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒДАЙҒА ҚАРАМАСТАН, ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА.


>  Үйге кіре берістегі есік әрқашан жабық болуы және құлыпталуы тиіс.

>  Бөтен адамдарға, тіпті ол хат тасушы, милиционер, сантехник немесе көрші болса да, есікті ашуға болмайды.

>  Үйде жалғыз болған жағдайда телефон бойынша ең қауіпсіз жауап, ата-анам үйде жоқ деп айтудың орнына, әкем мен шешемнің қолы бос емес, оларға не айтайын деген жауап болуы керек.

>  Сен ата-анаң мен ерексектер жоқ кезде қорықсаң немесе қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, достарыңның немесе көршілеріңнің арасында кімге хабарласа алатыныңды әрқашан білуің керек.

>  Мекен-жайың мен үйдің телефон нөмірін жаттап ал.

>  Төтенше немесе қысылтаяң жағдайларда телефон арқылы ата-анаңа айтатын қауіпсіздік жасырын сөзін(код сөзін) жаттап ал. Мұндай сөзді ата-анаңмен алдын ала келісіп алу керек. Бұл сөз сен қысылтаяң жағдайға ұшырасаң, көмек қажеттігі туралы өтінішіңді айта алмайтын жағдайда түсінулері үшін керек.


ӨЗ СЕЗІМІҢЕ, ТҮЙСІГІҢЕ СЕНІМДІ БОЛ.


ЕГЕР СЕН ҚАЛАМАСАҢ, ТІПТІ ТУЫСЫҢНЫҢ НЕМЕСЕ ОТБАСЫҢА ЖАҚЫН ТАНЫС АДАМНЫҢ ТАРАПЫНАН БОЛСА ДА, ЕРЕСЕК АДАМДЫ ҚҰШАҚТАУДАН НЕМЕСЕ СҮЮДЕН БАС ТАРТУҒА ҚҰҚЫЛЫ ЕКЕНІҢДІ БІЛ. 


МҰНЫҢ ОРНЫНА СЕН ӨЗІҢНІҢ ЖЫЛЫ СЕЗІМІҢДІ БІЛДІРУ ҮШІН ЖАЙ СӨЙЛЕСЕ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛ АЛЫСА АЛАСЫҢ.


ЖАҚСЫ, ЖАМАН ЖӘНЕ ҰЯЛАТЫН ДЕНЕ ЖАНАСУЛАРЫ БОЛАТЫНЫН БІЛ.

>  Жақсы дене жанасулары әрқашан жанға жайлы болады, мысалы, өзің жақсы көретін адамды құшақтау, немесе қол алысу секілді.

>  Жаман дене жанасулары зиян тигізуі мүмкін жіне сіздің жан-дүниеңізді жаралауы мүмкін, сіз арылғыңыз келетін жағымсыз әсерлер қалдырады.
 >  Ұялтатын дене жанасулары абыржытуы, тыныштықты бұзуы, тосын көңіл толқуларына әкеліп соғады.Ондай жанасуларға алғашында жақсы болып, артынан ауыртатын дене жанасулары жатуы мүмкін.
 >Мысалы, ұзақ уақытқа созылған қытықтау.Немесе бұл сен жеткілікті жақсы білмейтін адамдар тарапынан болатын жағымды жанасулар.
 >немесе біреу сенің, жыныстық дене мүшелеріңді ұстаған «жасырын» дене жанасулары болуы мүмкін.
 
>Егер қандай да бір дене жанасулары сені ұялтса немесе ауртса, сен 

        *  олай жасаған адамның көзіне тура қарап « ЖОҚ!» деп қатты айтуға;    

        *   қашып кетуге;

        *  бұл туралы өзің сенетін ересек адамға айтуға тиістісің.


ТӘРБИЕЛІ БАЛАЛАР ҮЛКЕНДЕРДІ СЫЙЛАУЫ КЕРЕК БОЛСА ДА, БАРЛЫҚ ЕРЕСЕК АДАМҒА, ОЛ ТЕК СЕНЕН ҮЛКЕН ЖӘНЕ ӨЗІН ТЫҢДАУДЫ ТАЛАП ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ ЕКЕНДІГІНЕ ҚАРАМАСТАН, БАҒЫНА БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫНЫН БІЛУҢ КЕРЕК. КЕЙБІР ЖАҒДАЙЛАРДА БҰЛ ҚАУІПТІ БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА ДУШАР ЕТУІ МҮМКІН. ЖЕКЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚҚА «ЖОҚ!» ДЕП АЙТ.


ЕГЕР СЕНЕН ӘРТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР КӨП БОЛАТЫН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ НЕМЕСЕ БАСҚА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА  БАРАТЫН БОЛСАҢ, БІЛУҢ КЕРЕК,  ЕГЕР ӨЗІҢНЕН ҮЛКЕН БАЛАЛАР САҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒЫМСЫЗ ЖӘНЕ ЖАМАН ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАЙТЫН БОЛСА, СЕНІҢ АЙҚАЙЛАУҒА, КӨМЕККЕ ШАҚЫРУҒА, ЖҰЛҚЫНЫП ҚАШУҒА, ТІСТЕУГЕ, ТЫРНАУҒА ЖӘНЕ Т.Б. ҚҰҚЫҒЫҢ БАР. МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА АТА-АНАҢ ӘРҚАШАН СЕНІ ҚОЛДАЙТЫНЫНА СЕНІМДІ БОЛ.  


ЕГЕР САҒАН БІР ЖАҒДАЙ БОЛСА, БҰЛ ТУРАЛЫ АТА-АНАҢА НЕМЕСЕ ӨЗІҢ СЕНЕТІН БАСҚА ЕРЕСЕК АДАМҒА АЙТУ КЕРЕК. ЕГЕР БІРІНШІ АЙТҚАН АДАМЫҢ САҒАН  НЕМЕСЕ  БҰҒАН МӘН БЕРМЕСЕ,БІРЕУГЕ  СЕНІП, ШАРА ҚАБЫЛДАҒАНША ТАҒЫ ДА БАСҚА БІРЕУГЕ АЙТУҒА ТЫРЫС.  


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив