03
қыркүйек
2018
Мұражай
Мектебімізге есімі берілген Тұрар Рысқұловтың тұлғасы мен тұрпаты, саяси, әлеуметтік-экономикалық қызметінің орасан зор ауқымы, қайраткерлік қарымы, азаматтық бейнесі, ғұлама ғалымдығы, текті тарихшылығы, түркі халықтарының тағдырына адалдығы аға ұрпаққа жақсы белгілі. Тұрардай тарихи тұлғаның жарқын бейнесін жас ұрпаққа үнемі насихаттап отыру мақсатында мектебімізде 1994 жылы қайраткердің 100 жылдық мерей тойына орай мұражай ашылған болатын. Мұражай 2012 жылы жаңартылып,жаңа материалдармен толықтырылды. Мұражайға қойылған жаңа экспонаттың бірі-Тұрар Рысқұлов мүсіні.

Мұражай 10 бөлімнен тұрады
- Тұрар есімі естен кетпес
- Тұрар Рысқұлов –мемлекет және қоғам қайраткері
- Алаштың ардақ тұтар азаматы
- Мектеп жетістіктері
- Бізде қонақта
- Мектеп басшылары
- Ардагер ұстаздар
- Мектеп мақтаныштары
- Мектеп өмірі баспасөз беттерінде
- Ұлттықбұрыш
Мұражай бөлмесі