Мектеп тарихы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп тарихы
03
қыркүйек
2018

Мектеп тарихы

Мектеп 1989 жылы ең алғаш аралас мектеп, кейіннен ата-аналардың, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшілерінің араласуымен 1990 жылы қазақ мектебі болып ашылған. 

Жамбыл халық депутаттары қалалық советінің 1990 жылы 23 наурыздағы №181 қарарымен Т.Рысқұлов есімі берілді. Мектептің алдына «Тұрар Рысқұлов ескерткіші-бюсті» 1991 жылы қойылған. 

1994 жылы Т.Рысқұловтың 100 жылдық мерейтойына орай оқушыларды Тұрардың рухына сай тәрбиелеу мақсатында Т.Рысқұловтың өнегелі өмір жолына арналған мұражай ашылды.

Сол мұражай 2012 жылы қайта жаңартылып, жас ұрпақты халқымыздың, аға ұрпақтың ерлік дәстүрінде тәрбиелейтін материалдармен толықтырылды. «Алаштың ардақ тұтар азаматы», «Т.Рысқұлов – қоғам және мемлекет қайраткері», «Тұрар есімі естен   кетпес»   тақырыптарында  жасалған бұрыштарда  Т.Рысқұловтың   өмірі, қызметі, жанұясы туралы жазылған мақалалар қойылған.  Мұражайға қойылған жаңа экспонаттың бірі - Т.Рысқұлов мүсіні.  

 Сондай-ақ  мектеп   өміріне арналған  «Бізде қонақта», «Мектеп басшылары» айдары бойынша жасалған бұрыштар, құрметті зейнетке шыққан мұғалімдерге арнап «Ардагер ұстаздар», киелі білім ордасын бітіріп, түрлі салада  алуан кәсіп иелері болып жүрген шәкірттерге арнап «Мектеп мақтанышы»,   газет – журнал беттерінен жарық көрген   көптеген мақалаларға арнап   «Мектеп өмірі баспасөз беттерінде» бұрыштары жасақталған.   

Мектеп жанынан Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында 2008 жылы балаларға арналған  «Ботақан» шағын орталығы ашылған. Шағын орталықта 3-6 жас аралығындағы  балалар тәрбиеленуде.

 

 

Похожие публикации:

26 қазан 2018 мектеп формасы
13 қазан 2017 мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив