"Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарда тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру "
19.10.2018-27.10.2018 жыл аралығында өнер пәндері бірлестігінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктің тақырыбы: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарда тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруда жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігін көрсету, тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің тиімділігін көрсетеді
2. Өз тәжірибелерін таратады, әдіс алмасады.
3.Сапалы білімге қол жеткізеді
Бірлестік мұғалімдерінің жалпы саны-9
Жоғары санат-1
Бірінші санат- 6
Екінші санат- 0
Санаты жоқ- 2
Онкүндіктің жоспары алдын-ала мектеп директорына бекіттіріліп, қабырға газетіне ілу арқылы оқушылар мен ұстаздарға таныстырылды.
Онкүндіктің ашылуы мәжіліс залында оқушылардың «Қоңыр күзге саяхат»тақырыбында өткізілген музыкалық қойылыммен сонымен қатар «Күзгі композициялар» тақырыбында көрме , визуалды тарау бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары,тамақ технологиясы бойынша 9-10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен
«Күз сыйы»жәрмеңкесі ашылды. Қамтылған сыныптар 5-10 сынып оқушылары.Оқушылар арасында көрмеге барлық сынып оқушылары белсенділік танытты
«Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және технология саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, білімдер материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технология мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құралған. Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттар орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады:
-Визуалды өнер;
-Сәндік қолданбалы өнер;
-Дизайн және технология;
-Үй мәдениеті;
-Тамақтану мәдениеті.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни сыныптан тыс іс- шаралар, ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.
Көркем еңбек пәнінен 6 «е» сыныбында «Сценарий дайындау.Кейіпкерлер мен декорациялар құру» тақырыбында Жүнісова Б. ашық сабақ өтті. Сабақ оқушыларды түстер арқылы 2 топқа бөлініп, конвертте берілген тапсырмалармен жұмыс жасай отырып, өздерін және өзара бағалауды жүргізіп отырды. Қателіктер болған жағдайда сол мезетте мұғалім және оқушы тарапынанда түзетулер болып отырды. «Анимация еліне саяхат»әдісі бойынша суреттермен жұмыс жасай отырып,қозғалатын элемент үлгілерін,қуыршақ түрлерін талдады. Видео көрсетіліп, бейне жазба бойынша түрткі сұрақтар қойылады. «Жыл басына таласқан хайуанаттар»ертегісіне қойылым қойып,топтық жұмыс жасады. «Алма ағашы»әдісі арқылы кері байланыс алынды.
3«б» сыныбында музыка пәнінен «Айтыс-сөз сайысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Жолсейтова Ш.Сабақ ынтымақтастық атмосферасымен құрылды.Оқушылар аспаптар арқылы топқа бөлініп отырғызылды.Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексерді. Сабақтың келесі кезеңі «Мозайка» әдісі жаңа сабақтың мағынасын ашты.Алты тапсырма беріліп оқушылар орындап шықты.Сабақта көрнекіліктер орынды қолданылды.Аудиожазбадан айтыстың түрлерін тыңдатып,оқушылар қайталап орындап отырды. Күлекештер арқылы оқушыларды бағалап отырды. Алтыншы тапсырма бойынша оқушылар сыныптастарымен бірге жұмыстарын таныстырып,бағалайды. «Орамал тастамақ»әдісі бойынша сабақты жинақтады.
9«г» сыныбына сызу пәнінің мұғалімі «Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонаметриялық проекциялары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Шавалиева Ғ. Оқушылар сабақта белсенділік танытты және жеке, жұп бойынша, топтық жұмыстарды қызығушылықпен орындады.Жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында видеоролик көрсетілді. «Қарлы доп»әдісі бойынша түрткі сұрақтар қойылды.Дәптермен жұмыс жасалды.Топ басшылары бағалау критерийлері бойынша өздерін бағалады. Сабақ соңында рефлексия жүріп, ұстаз кері байланыс алды.
4 «а» сыныбында бейнелеу пәнінен «Кескіндеме. Натюрморт жанрының өркендеуі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Мусаева Г. Сынып қызыл себет,сары себет,жасыл себет арқылы үш топқа бөлді.Өткенді қортындылаумақсатында «Ыстық орындық» әдісін қолданылды.
Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын қорытындылау бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жаңа сабақ түсіндірілді.Тапсырмалары орындалды. «Жасырын сөз»ойыны арқылы сабақты қортындылады. Барлық оқушы қамтылды, сабақ қызықты әрі түсінікті өтті. Сабақ соңында оқушылар білім ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып ілді.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кенжебаев Б. «Шығармашылық жұмысты қорытындылау, қайталау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ 5«а» сыныпта өтілгендіктен, жас ерекшеліктеріне сай сабақта, білім беру мақсатында сыни ойланатын сұрақтар берілді. Сабақ барысында топтық тапсырмалар орындалып, тақырып толық меңгерілді.Түрткі болу қайта бағыттау сұрақтары мұғалім және оқушы тарапынанда сабақта болып отырды. Негізгі нысандардың суреттер арқылы берілуі оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақтың мақсатына жету барысында оқушылар өздерінің жасаған шығармашылық жұмыстарын қорғап шықты.Оқу материалының мазмұны бойынша кері байланыс алды. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қорабаев Ж. 8 «В» сыныбына «Көркемдеп безендіру және жұмыстарды таныстыру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруда үш түрлі мозайка суреттері бейнеленген қағаздар арқылы топқа бөлді. «Сөзімді жалғастыр» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Суреттерімен бейнекөріністер көрсетілді.Оқушылар постер қорғады.Әр топқа жаңа сабаққа байланысты практикалық жұмыстар берілді.Оұушылар оқулық мәтінін пайдаланып,мозайка түрлерін постерге түсіріп, жасалу жолдарын түсіндірді.Әр топ өз тақырыптарын қорғап шықты. «Менен сұрақ-сенен жауап»сабақты бекіту мақсатында ауызша сұрақтар қойылды..
5 «А» сыныбында «Жобаны жоспарлау және құрастыру» тақырыбында музыка пәнінің мұғалімі Ажибекова Ф.Жас маман. Сабақта оқушыларды құттықтау хаттары арқылы үш топқа бөліп ,әр топ өз мақсатын құру тапсырмасы берілді.Оқушылар жасырын әуенді тыңдап, әннің авторын және тақырыбын айтып берді.Дәптермен жұмыс жасады. Сабақты қорыту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап берді. Оқушылардан керібайланыс алынды.
Онкүндіктің жабылуын барлық пән мұғалімдері мен оқушылар ұйымдастырып концерттік бағдарлама қойылды және онкүндікте белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.





