30
наурыз
2022
Психологиялық кафе: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
Психологиялық кафе: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
Ұстаз өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек етеді.
Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу - бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты. Іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады. Сондықтан ұстаздарға жан азығын беріп, төртінші тоқсанның алдында Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің психологтары Ж. Карамырзаева мен Г. Тастемирова «Психологиялық кафе» ұйымдастырып, «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында релаксациялық ойын-жаттығулар өткізді.
Мектеп психологтары ұстаздардың психикалық көңіл-күйін көтеруге «Ыстық картоп», өз бойларындағы қабілетті бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға «Ырғақты тоқтату», бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуға, жағымсыз көңіл-күйден арылуға «Эмоция», «Ну ормандағы жаңбыр» және «Дос-досымен», стрестен арылуға «Сілкіну» атты ойындар мен жаттығулар және өзерін сергек сезінуге арналған «Сарқырама» медитация әдісін қолданды. Ұстаздар релаксациялық ойын -жаттығуларға ұйымшылдықпен қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.





