Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқыту » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқыту
24
қараша
2018

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқыту


Коммуникативтік әрекеттер арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында   «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқыту» тақырыбында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бәрлестігінің онкүндігі өтті.

Онкүндік барысында бекітілген жоспар бойынша   ұйымдастырылған іс- шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді. 

         Онкүндіктің ашылуы 19 қараша күні бірлестік мүшелерінің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелмен басталды. Бірлестіктің жұмыс жоспарының орындалуы және құжаттары, пән мұғалімдерінің жеке іс-қағаздары, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау  тапсырмаларының талапқа сай орындалуы тексерілді.Сонымен қатар, оқушылардың жұмыс дәптерлері және  9-11- сынып оқушыларының жазба жұмыстары (диктант, эссе, шығарма), 5-11 сыныптардағы оқу бағдарламасының орындалуы тексерілді.Электронды журналға толтырылуы, сәйкестігі қаралды. 5- сыныптардағы «Сөз сыры», 6- сыныптардағы «Сөзжасам» , 9- сыныптардағы «Абайтану», 11-сыныптардағы « Қазақ тілінің практикумы   » таңдау пәндерінің өтілу барысы   бақыланды. Білім сапасын көтеру мақсатында оқушылармен жүргізіліп отырған жұмыстың барысы, уәжі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлері қаралды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен   уәжі төмен  24 оқушы анықталып, мұғалімдер қосымша жұмыстар жүргізген. Білім деңгейі «3 пен 4-тің» арасындағы білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында пән мұғалімдері бақылау парағын арнаған. Сондай –ақ, дарынды оқушылармен бір жылдық жұмыс жоспары жасалған, жұмыстар жүргізілуде.

         Қараша айының 19 күні мәжіліс залында оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру мақсатында «Өссе тілім, мен де бірге өсемін..» тақырыбында әдеби – сазды кеш өтті. Кеш барысында  оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, ұлт болашағының ана тілімен байланысты екенін өз өнерлері арқылы көрсетті. Кеш жоғары деңгейде өтті.

         Онкүндік барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша коммуникативті әрекеттер арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсті.

        21.11.18 күні 5 «Г» сыныбында қазақ әдебиетінен  Б. Қыдырова «Ы. Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Төрт топқа бөлінген оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді  орындап, сабаққа деген ынтасы мен аса жоғары қызығушылығын көрсетті. «Оқы. Бірік. Бөліс» әдісі арқылы оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысты. «Ойтүрткі сұрақтарына» мәтін мазмұны бойынша жауап берді. І және ІІ топқа «Ассоциативті қатар» әдісі, ал ІІІ, ІV топтарға «Сәйкестендіру» әдісі бойынша тапсырмалыр берілді.Әңгіменің мазмұны мен тақырыбын айқындау мақсатында шығарманың құрылысы бойынша сатылай – кешенді талдау жасалынды. Сабақта оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп,шығармада орын алып отырған жағдайды  қазіргі өмірмен байланыстырды. Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісімен кері байланыс жүргізілді.Топтар бірін-бірі бағалады,ал топ басшылар топтағы белсенді оқушыларды бағалап отырды.

         20.11.18 күні 5 «А» сыныбында  қазақ әдебиеті пәнінен М.Көшбаева «Ы.Алтынсарин.«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің кейіпкерлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сыныпты үш топқа бөліп, оқушылар «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап берді. «Оқиға шыңы» әдісі бойынша шығарманың композициялық құрылымына талдау жасалынды. Сабақта оқушылар кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай білді. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазды. Мұғалім сабақта  оқушыларды «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалап, мадақтау сөздерді әрбір тапсырма кезеңінде қолданып отырды. Тиімді әдіс- тәсілдерді, көрнекіліктерді пайдаланып,   сабақты өмірмен байланыстырып өтті.

     22.11. 18 күні «Мәңгілік тіл – мәртебелі ел» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушыларды шығармашылық жұмыстар жазуға баулу, өзіндік ой – пікірлерін жазба жұмыстарында тұжырымдап жеткізе білуге үйрету. Жеңімпаздар  апталықтың қорытынды іс-шарасында марапатталды. 

     23.11.18 күні 6 «Д» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры» тақырыбында Раздықова Нұрсұлу ашық сабақ өтті. Сынып «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа бөлінді. «Болжау» әдісі арқылы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар сабақ тақырыбын аша білді. Сабақ барысында мұғалім «Жылдар сөйлейді», «Ішіне - сыртына», «Қос жазба» күнделігі», «INSERT» әдістерін тиімді пайдаланды. Оқушылар неологизм, термин, диалект, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп, ажырата білді. Тақырыпты өмірмен байланыстырып, өз көзқарастарын білдіре алды. Сабақ соңында тиімді кері байланыс орната білді.

     26.11.18 күні 5 «В» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Миуалы ағаш» тақырыбында Көдекова Рая ашық сабақ өтті. Алдыңғы сабақты еске түсіру мақсатында «Иә, жоқ»  әдісі арқылы үш топқа сұрақтар берілді. «Мағынаны тану» әдісі арқылы оқушылар мәтінді оқып, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырды. Сабақ соңында оқушылар «Ағаш та адам сияқты» тақырыпта үш сөйлемнен тұратын эссе жазды. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазды.

    26.11.18 күні 8- сынып оқушылар арасында «Латынға көшу – өркениетке бастар жол» тақырыбында диктант жазу байқауы өтті. Латын графикасына не­гізделген қазақ тілі әліп­би­інде диктант жазу байқауының  негізгі мақсаты оқушылардың  жазу дағ­ды­ларын қалыптастыру. Байқау нәтижесі бойынша жүделі ІІІ орынды 8 «Г» сынып оқушысы Есентаева Аружан ,  8 «Д» сынып оқушысы Салимова Сымбат,       ІІ орынды 8 «В» сынып оқушысы Кеңес Диана, 8 «Г» сынып оқушысы Тлеш Бекзат, жүлделі І орынды                   8 «А» сынып оқушысы Кенжеева Оксана иеленді.  

 26.11.18 күні 7 «А» сыныбында  қазақ тілі пәнінен К.Саққұлова  «Достық, татулық – өмірдің қызығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар тақырыпқа байланысты үш топқа бөлініп, ұлы Абайдың өлеңін оқыды. Өз пікірлерін ортаға салды. «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы ақынның өлеңдерінен үзінділер келтіріп, бір сөйлеммен тұжырым жасады. Сергіту сәтіне мұғалім «Кім тапқыр?» ойынын пайдаланды. Кері байланыс сұрақ-жауап арқылы жүргізілді.

      27.11.18 күні 8 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Бояу сыры» тақырыбында Бейбітова Алтынай  ашық сабақ өтті. Сынып түстер арқылы топқа бөлініп, топтық тапсырмалар орындады. «Ой картасы», «Жалғасын тап»,  «Төрт сөйлем» тәсілдері арқылы жұптық және жеке жұмыс орындалды. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындай білді. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасауға дағдыланған, өз беттерінше жұмыс жасай алады.Сабақ қызықты өтті.

        27.11.18 күні 6 «Ж»сыныбында әдебиет пәнінен Г.Ордабекова   «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі типтік бейнелер  тақырыбында ашық сабақ өтті. Мотивациялық – бағдарлау кезеңінен кейін оқушылар үш топқа бөлінді. «Күлегештер күледі» әдісі арқылы оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап берді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар әдеби туындыда кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттап, кейіпкер бейнесін аша білді. «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы деңгейлік тапсырманы орындады. Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.

       28.11.18 күні 6 «А» сыныбында әдебиет пәнінен Ж.Жантөреева «А.Құнанбаев.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ашып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді аша білді. Сынып 3  топқа бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Мұғалім топта жасаған жұмыстарды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап,  оқушы жұмысына мадақтау сөздер айтып  отырды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім сабаққа барлық оқушыларды қамтып, топтық, жұптық  жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар орындатты.

      Апталық барысында Б.Қыдырова, М.Көшбаева, Н.Раздықова, Г.Ордабекова, Ж.Жантөреева, А.Бейбітованың сабақтары өте жақсы, Р.Көдекова, К.Саққұлованың сабақтары жақсы деп бағаланды.

         29.11.18 күні мектептің мәжіліс залында онкүндіктің қорытындысы өтті. Кеш барысында биылғы мерейтойлары  аталып өтілетін ақындар мен жазушылардың, жыраулардың шығармашылығы насихатталды. Кеш соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар  марапатталды.

                   Онкүндікке бірлестіктің барлық мұғалімдері белсене қатысты. Қорытынды отырыс директордың ғылыми – әдістемелік ісі   жөніндегі орынбасары С.Шаршыбаеваның қатысуымен өтті. Онкүндіктің жұмысы жақсы деп бағаланды.Үздік деп танылған М.Көшбаева, Ж.Жантөреева, А.Бейбітованың сабақтары  БАҚ жариялануға берілсін деген ұсыныс айтылды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив