Әкешім-асқар тауым!
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. қарап отырсақ әкенің де түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы керек. Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру, үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Отбасы сағаты” акциясына байланысты 8 “А” сынып жетекшісі Алдатаева Жәмила “Әкешім-асқар тауым!” атты сынып тәрбие сағатын өткізді. Сынып сағатына сынып оқушыларының әкелері қатысып, ән салып, күш сынасып, өз өнерлерін көрсетті. Соңында сынып әкелері “Сезімтал әке”, “Қамқоршы әке”, “Өнерлі әке”, “Жігерлі әке” номинацияларымен марапатталды. Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті.