01
маусым
2022
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері
1 маусым- Балаларды қорғау күні қарсаңында Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мектепішілік лагерьдің ашылу салтанатына 1-6 сынып оқушылары, лагерь қызметкерлері және ата-аналар қатысты.
Мерекеде мектеп директоры А.А. Абдешова құттықтау сөз сөйлеп, барлық балаларды «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде жақсы демалуға, белсенді болуға шақырды.
Іс-шарада түрлі қызықты ойындар ойнатылып, ән де, би де биленді. Ең қызығы түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдаған лагерь қызметкерлері мерекенің сәнін келтірді. Балалардың барлығы мерекеде белсенділік танытты.
Бала-өміріміздің мәні. Балаларға қуаныш сыйлау әрбір адамның міндеті. Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!