«Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы
14
наурыз
2022

«Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы

№48 Т.Рысқұлов атындағы мектепте  наурыз  айының 14-шы жұлдызында  9«А» сыныбының білім алушыларымен «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы аясында  «ҚР Конституциясының 24-ші бабы нені көздейді?» тақырыбында  экскурсия жүргізілді. 
Экскурсияны мектебіміздің тарих, құқық негіздері пәнінің мұғалімі
  И.И. Малдыбаева  өткізді.
Экскурсияны «Қуырылған балық» орталығында  өткізу мақсатымыз білім алушылардың еңбек ету құқығын қорғау кезінде құқықтық сауаттылықпен қаруландырып,болашақта Қазақстан Республикасының  Конституциясының 24-ші бабын толықтай өз өмірінде қолдануға мүмкіндік беру.
Мемлекетіміздің кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы кіші кәсіпті қолдау саясатында көрсетілгендей,   әр азаматтың кәсіпті жүргізу кезінде алуан түрлі таңдауының бар екенін анықтадық  және кіші кәсіпті ашып,онда еңбек етуге мүмкіндігінің мол екенін өз көзімізбен көріп қайттық.
Адал еңбек  етіп  білім алушылардың  қоғамда өз орнын табуға деген   сенімін арттырдық деп ойлаймыз
Бұл экскурсияның  білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының  деңгейін арттыруына және құқықтары мен міндеттерін біліп,заң алдындағы жауапкершілікті сезінуіне қосатын үлесі зор деп білеміз