21
қыркүйек
2020
«Отбасындағы әкенің рөлі» атты дөңгелек үстел
21.09.2020ж. Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде «Отбасындағы әкенің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Дөңгелек үстелге Тараз қаласы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы А.Б.Мусаева, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының менеджері Ш.Р.Таласова, Тараз өнірлік университетінің проректоры О.К.Джолдасова, Жамбыл облысы бойынша ата-аналар кеңесінің төрағасы Р.Нұрақбаев, «Спорт жұлдыздары», «Білім нұры» республикалық журналдарының Жамбыл облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, Халықаралық журналистер одағының мүшесі Б.Т.Сағымбаев, Жамбыл облысы Дағдарыс орталығының психологы А.Т.Усербаева, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.А.Сасықбаев, №43 орта мектеп директорының міндетін атқарушы М.Г.Алиева, №48 орта мектеп директоры А.А.Абдешова, №48 және №43 орта мектептің ата-аналары, тәрбие орынбасарлары және мектеп психологтары қатысты.
Іс-шара психологиялық тренингпен басталып, негізгі бөлімі аудиториямен жұмыс – сұрақ-жауап форматында өтілді. Әкенің отбасындағы, оның ішінде бала тәрбиесіндегі рөлі, қазіргі таңдағы әке «беделінің» төмендеп кету себебі т.б. с.с. сұрақтар талқыланып, қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, өнегелі пікірлер айтылды.
Мектеп директоры А.А.Абдешова әке тәрбиесінің маңыздылығы туралы ой бөлісіпа дөңгелек үстелді қорытындылады.






