06
мамыр
2020
Мектеп ұжымы соғыс ардагері Каракина Роза Ивановнаны Жеңіс мерекесімен құттықтады
«Ешкім де ешқашан да ұмтылмайды» деген қағиданы басшылыққа алып, Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп ұжымы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойы қарсаныңда, соғыс ардагері Каракина Роза Ивановнаны Жеңіс мерекесімен құттықтап, Ұлы Отан соғыс жылдары көрсеткен ерлігі мен ерен еңбегі үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық тіледі. Сондай-ақ, қарт әжеге демеушілік көмек көрсетілді.
Өз кезегінде, ардагер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, көрсетілген қолдау мен ықыласқа Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне, Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп басшысы мен ұжымына ризашылығын білдірді.