профилактикалық іс-шара » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » профилактикалық іс-шара
23
қазан
2024

профилактикалық іс-шара

Бүгін 23.10.2024 ж күні мектебімізде қыз балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында арнайы жиналыс пен профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – қыздарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпарат беру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Жиналыс барысында құқықбұзушылық түрлері, олардың салдары, сондай-ақ қыздардың құқықтары мен міндеттері туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері, қалалық білім бөлімінің бас маманы Үкібасов Қайрат Исаұлы қатысып, жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылық әрекеттердің нақты мысалдарын келтіріп, олардың алдын алу жолдарын талқылады. Қыздарға кәмелетке толмағандар арасындағы жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті сақтау маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.
Сонымен қатар,  оқушыларға заңды бұзудың мүмкін болатын салдарлары, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Қыздарға жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, өзін-өзі қорғау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу туралы арнайы нұсқаулықтар берілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив