Тәуелсіздік - Ұлы дала тұғыры
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Осыған орай, мектебімізде оқушыларды өз Отанын сүюге және отанға қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу мақсатында 9 «А», 9 «Б» сынып жетекшілері Ж. Жантөреева мен Г. Кариеваның ұйымдастырумен «Тәуелсіздік – ұлы дала тұғыры» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында оқушылар тәуелсіздікке арналған өлең жолдарын оқып, ән айтып, би биледі.
Кеш «Ләззаттың анасының жоқтауы» туралы өлең шумағымен басталып, «Қайраттың тұтқындалуы» туралы сахналық қойылым көрсетілді. 9 «А» сынып оқушысы Султанбаева Диана «Желтоқсан желі ызғарлы», 4 «Е» сынып оқушысы Қалқабай Диас «Қазақстаным менің», 6 «А» сынып оқушылары Лесбек Назерке, Райымбек Салтанат, Болатбек Аружан, Асылхан Нұрай «Қазағым – ай», 3- сынып оқушылары «Елбасы елбағы» әндерімен көрермендерді тәнті етті. Жолсейтова Шолпан мен Ажибекова Фаризаның жетекшілігімен 3 - сынып оқушылары «Мәңгілік жастары», 5 «Б» сынып оқушылары «Қазақстан» хорын орындады. 6 «В» сынып оқушысы Оңласын Нұрмамбед , 7 «Б» сынып оқушысы Үсен Абусаид «Түркімен» күйін орындады. 3-4 -сынып оқушылары «Қуаныш биі», 9-сынып оқушылары «Ақсақ киік» билерін билеп, өз өнерлерін паш етті.
Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетінжаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.
Ендеше, әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

