05
мамыр
2026
11-сынып ата-аналарымен жиналыс
2026 жылдың 5-мамаыр күні Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
2025-2026 оқу жылын сәтті аяқтау. 2. 11-сынып түлектерінің қауіпсіздігін сақтау. Бірінші мәселе бойынша аттестаттаудың мерзімдері мен форматы ата-аналарға таныстырылды. Оқу жылының аяқталуына санаулы ғана күндер қалғандығы, 11-сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандарын (5 пән бойынша) тапсыратындығы, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды өткізу Қазақстан Республикасы білім беру стандарттарына сәйкес жүргізілетіндігі айтылды . Екінші мәселе бойынша оқушылардың қауіпсіздігі туралы айтылды. «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шараны ұйымдастыру барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығы -ең басты назарда болу керектіг іата-анаға ескертілді. Яғни, кәмлетке толмаған мектеп түлектеріне автошеру немесе мейрамханаларда банкет ұйымдастыруға жол берілмейтіндігі, түнгі уақыттарда балалардың заңды өкілсіз жүруіне қатаң тиым салынатындығы айтылды. Баланың қауіпсіздігі- тікелей ата-ананың жауапкершілігінде екенін ұмытпаңыздар!