Баяндама Мектеп директоры: Абдешова А.А. » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баяндама Мектеп директоры: Абдешова А.А.
01
қыркүйек
2020

Баяндама Мектеп директоры: Абдешова А.А.

Баяндама 

Мектеп директоры: Абдешова А.А.

Тақырыбы: 2019-2020 оқу жылының қорытындысы, жаңа 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, жаңа оқу жылына міндеттер қабылдау


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, жаңа оқу жылы құтты болсын! Шығармашылық жетістіктерге толы, сәтті жыл болғай! 

Қазіргі кезде елімізде болып жатқан карантиндік жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында оқу процесі мектепалды даярлық  сыныптарда және  1-11 (12) сыныптарда қашықтан ұйымдастырылады. Педагогтерге оқытудың дәстүрлі (күндізгі) форматы оқытудың негізгі нысаны. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде әдеттегі дәстүрлі форматтағы мектептің қызметі біртіндеп қалпына келтіріледі.

Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп «Дарын – онлайн»  білім беру интернет-платформасын таңдап келісім-шартқа тұрдық. 

Қашықтан оқыту процесі санитарлық ережелер мен нормалардың  талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтеді,яғни сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Синхронды форматта оқыту интернет-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей байланысын(стриминг) көздейді.

Сабақтың бір бөлігі (30-80%) стремингке шығу үшін пайдаланылады, қалған сабақ асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Сабақтың асинхронды форматы - бұл интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, оның ішінде өз бетінше оқуға арналған мазмұн және мұғалімнің кері байланысы бар оқу тапсырмалары.

Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына уақытша пайдалануға 30 компьютер, 10 ноутбук берілді.

2020-2021 оқу жылында  компьютерлік техникамен және интернет желісімен қамтамасыз етілу деңгейі төмендегідей: 1550 оқушының 675 компьютермен қамтамасыз етілмеген, смартфондағы арнайы бағдарламамен оқиды, 190 оқушыда интернет жоқ.

Мұғалімдер100 пайыз техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Сабақты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар:

Мұғалімдер сабақтарды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауға сәйкес сабақтар/оқу сабақтарын өткізеді. Бағалау, Кеңейтілген түсініктеме электронды /мектеп алды даярлық сыныбында қағаз журналдарда жүргізіледі.

Педагог қашықтан өткізетін сабақты ұйымдастыру кезінде:

Жұмыс орнының техникалық дайындығына мән беру керек:

- дербес компьютердің, ноутбуктің болуы;

- (3G немесе 4G / LTE) сымды немесе сымсыз (кең жолақты)интернетке қосылу; 

- динамик пен микрофонның болуы-кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;

- жұмыс атмосферасын құру, сабақ өткізу кезінде бөлмеде тыныштықты сақтау;

- веб-камераның көру өрісін тексеру (шолуда артық ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз: отбасы мүшелері, шашыраңқы заттар және т. б.)

- веб-камераның немесе HD-веб – камераның болуы-

Мұғалімі сырт келбеті ұқыпты болуы керек, киімнің классикалық қатаң нұсқасына артықшылық беру керек.Сөйлеу мен дикцияны алдын-ала пысықталуы тиіс.

Виртуалды сыныпта оқушы болмаған жағдайда мұғалім оның болмау себептерін анықтауға тырысады, бекітеді.

Мұғалімдер қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмін орындау керек.

«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып):

 Мектепте  қашықтан оқыту кезінде бастауыш 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар «кезекші сыныптар» ұйымдастырылуда. 

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26маусымдағы №43 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығын негізге ала отырып, 2020-2021 оқу жылында мектепте 1, 2 кезекші сыныптары құрылып, 1 қыркүектен бастап 27 оқушы дәріс алатын болады. 1 сыныпта 13 оқушы, 2 сыныпта 14 оқушы. Дәріс алатын кабинеттер санитарлық талаптарға сай жабдықталып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері (жас мамандар) қабылданды. Қоңырау кестесі мен сабақ кестесі барлық талаптарға сай құрылды. 



«Кезекші сыныптарда» оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі. 

Ата-аналар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етеді (маскалар, қолғаптар, қолды емдеуге арналған жеке бөтелкедегі антисептик немесе дымқыл Бактерияға қарсы майлықтар.)

Барлық сабақтар мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.

Ата-аналар оқу күні басталар алдында балаларды мектептің сыртқы есіктеріне дейін алып жүруді және оқу күні аяқталғаннан кейін балаларды мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін алып жүруді жүзеге асырады.

  • Бір сынып - бір мұғалім” принципі сақталады( негізгі пәндер ғана жүргізіліп, басқа пәндер қашықтықтан беріледі);
  •  Негізгі пәндер:сауат ашу, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану, дүниетану;



Кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды сақтау мақсатында 2005 жылғы мектеп түлегі Бектенбаев Даулетжан бастаған сыныптастарының демеушілік көмегімен 160 мыңға туннель алынды, сынып жетекшісі – Омарбекова Асия. Сондай-ақ 2010 жылғы түлектердің Абдешов Абзал мен Сұлтанбек Абылайдың  1,5млн теңге демеушілік көмегімен мектебіміздегі жаңадан ашылған роботатехника кабинеті жабдықталып, жөндеу, безендіру жұмыстары жүргізілді.

Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын білім алушыларға дүйсенбі-жұма күндері сағат 9 - дан 18-ге дейін қосымша білім беру ресурсы-теле сабақтарды пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Теле сабақтары әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.

Теле сабақтарының ұзақтығы 10 – нан 15 минутқа дейін.

Теле сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында тегін қолжетімді болады.

Балалар үшін мектеп формасының міндеттілігі сақталады. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі сабақтарға қатысуға рұқсат беріледі. Шектеу іс-шараларына байланысты балалардың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар сұралмайды (ата-аналардан балалардың денсаулығын сақтау мақсатында нақтылау), педагогтерді медициналық тексеру талап етілмейді. Медициналық мекемелердің жұмысын қайта бастауға қарай анықтамалар мен санитарлық кітапшалар білім беру ұйымына ұсынылады.

2-11 сыныптарда 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шараларына байланысты бағалау ережелеріне өзгерістер енгізілді, тоқсандық баға шығаруда кунделікті қалыптастырушы бағалау балы 25пайыз қосылады.

Өткен оқу жылын қорытындылайтын болсақ, 1502 оқушымен бітірдік,  білім сапасы – 65,5%. 

Арғы оқу жылымен салыстырсақ 0,5 пайыз өскен.

2020-2021 оқу жылын 1550 оқушымен бастап отырмыз.

Мектеп оқушыларының 3 оқу жылындағы салыстырмалы білім сапасы төмендегідей


Оқу жылдары

Үлгерім

Білім сапа

Үлгерім көрсеткіші

Білім сапасы

Екінші жылға қалдырғандар

Бағаланбаған 

1-4

5-9

10-11

1-4

5-9

10-11

2017-2018

100

64

100

100

100

73

55

63

-

-

2018-2019

100

65

100

100

100

72

60

64

-

-

2019-2020

100

65,5

100

100

100

74

56,5

71

-

-

2019-2020 оқу жылында мектеп бітірген 41 түлегіміздің 19-і мемлекеттік грантқа, 18-сі ақылы оқуға, 3 оқушы колледжге оқуға,1-і жұмысқа орналасты.Қалалық Ішкі Істер басқармасы жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім есебінде тұрған оқушы жоқ,мектепішілік есепте 2 оқушы-Асылбек Ерсұлтан мен Ибрахим Дінмұхамед.


Мұғалімдердің біліміне қарай жоғары білімді ұстаздар саны-119, ал арнаулы орта білімді ұстаздар саны-11

Мектепте барлығы -130 мұғалім, оның ішінде -жоғары санатты мұғалімдер -16, бірінші санатты мұғалімдер-19, екінші санатты мұғалімдер-9, санаты жоқ мұғалімдер-20. Педагог-

шебер -1 Педагог-зерттеуші -16,    Педагог-сарапшы-32,Педагог

р/с

санаты

2017/2018

%

2018/2019

%

2019/2020

%

1

Жоғары санат,зерттеуші,шебер

36

28,5%

34

26,5

33

25,3%

2

Бірінші санат,сарапшы

39

31%

41

32

50

39%

3

Екінші санат,модератор

33

26%

30

23,5

24

18,4%

4

Санаты жоқ

18

14%

23

18

20

15,3%


Жалпы: 

126

59,5%

128

58,5%

130

64%


Оқу  жылы

Жалпы саны

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы

Педагог-

зерттеуші

Педагог-

шебер

Үлесі %

2017-2018     

4

2

1

1

-

3

2018-2019    

42

14

21

7

-

33

2019-2020    

     22          

2

10

9

1

16

Жалпы       

68

18(3д.о.)

32

16

1

52

Білімін жетілдіру курстары

Курстар атауы

Мұғалімдер саны

ДеңгейлікІ,ІІ,ІІІ

Барлығы: 20

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 9 айлық курсы

1

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

90

«Тәжірибедегі рефлексия» мектеп курсы

79

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту

  15

Пән бойынша қысқа мерзімді курстар

           19

«Сабақты зерттеу» бойынша мектепішілік курсы

          20

Барлық 130мұғалімнің 90-ы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен.

2020-2021 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтуі қажет мұғалімдер: 40

2020-2021 оқу жылында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша курстан 40 мұғалімді оқыту жоспарланып отыр.


Пәндер атауы

Мұғалім саны

1

Математика пәні

5

2

Қазақ тілі пәні

4

3

Ағылшын тілі пәні

8

4

Орыс тілі

2

5

Информатика пәні

1

6

Дене шынықтыру пәні

7

7

Тарих пәні

1

8

Бастауыш сынып

3

9

 Музыка,би

2

10

 Мектепалды даярлық

3

11

Өзін-өзі тану

4


Жалпы саны

40 мұғалім













«Жас мамандар» мектебінде 2019-2020 оқу жылында   20  жас маман қызмет атқарды.Жас мамандар онкүндігінде өз білімі мен білік, дағдысын, шеберлігін көрсеткен жас мамандарымыздың жұмыстарын  бағалаудың нәтижесі бойынша  жеңімпаздар анықталып марапатталды. Бас жүлдені Төлекова Айгерім,  І орынды  Зәкен Ерсұлтан, ІІ орынды Пернебаева Арайлым, Азбергенов Асылхан , ІІІорынды  Дүйсенова Ұлдана, Әскербекова Жансая ,Қожанбердиева Айдана иеленді. 



2017-2018 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы 

2019-2020 оқу жылы

1

Жас мамандар саны

14

22

20


«Сабақты зерттеу-мектепішілік мұғалімдердің біліктілігін арттырудың тиімді жолы» тақырыбында   Тараз қаласындағы «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалымен  бірге жүргізген жоба үшін  1–дәржелі дипломмен марапатталдық.

  

2019-2020 оқу жылында мектеп оқушылары өз білімдерін тереңдету, шығармашылығын шыңдау мақсатында   қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға  белсенді түрде  қатысты.   

Оқушылар «Ақбота», «Кенгуру», «Русский медвежонок», «British Buldog» т.б. интеллектуалдық марафондарға қатысып, жүлделі  орындарға   ие болды

№48 мектептің дарынды  оқушылары жетістігінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші


2016-2017

оқу жылы

2017-2018

оқу жылы

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

Халықаралық

90

264

181

242

Республикалық

221

225

450

645

Облыстық

6

1

6

6

Қалалық

36

52

41

49

Өткен оқу жылымен салыстырғанда халықаралық жарыста 61   оқушыға, республикалық жарыста - 195 оқушыға ,қалалық жарыста 8 оқушыға артқан


1.Халықаралық интеллектуалдық  байқау «Кенгуру- математика бәріне»  – 

    128 жүлдегер (І орын- 79, ІІ орын – 37, ІІІ орын – 12)        

2."British Buldog" ойын конкурсы  –69 жүлдегер (І орын-22, ІІ орын -22,ІІІ орын-25).           

3.«Русский медвежонок- языкознание для всех» халықаралық байқауы –

36 жүлдегер (Іорын-14, ІІ-8, ІІІ-14)     

4. Республикалық "Ақбота" интеллектуалдық марафонында -150

5. Республикалық қашықтық олимпиадалары    467     жүлделі орын

6. Республикалық шығармашылық байқаулар 28жүлделі орын

7.Облыстық шығармашылық байқауларда-6 жүлделі орын

8.Қалалық байқауларда - 49 жүлделі орындарды иеленді.


2019 – 2020 оқу  жылындағы   қалалық олимпиадада 8 оқушы жүлделі орынды иеленді 

Оқушылардың аты – жөні

сыныбы 

Пәні  

Пән  мұғалімі 

Орны

1

Смақ Эльдана

11 «А»

Қазақ тілі

Б.Қыдырова

ІІІ 

2

Мұсаев Айбек

9 «А»

Орыс тілі

А.Назарбаева

ІІІ 

3

Есентаева Аружан

9 «Д»

Химия

Г.Рисбаева

ІІІ

4

Тілеш Бекзат

9 «Г»

География

Г.Ускинбаева

ІІІ

5

Құрманбаева Меруерт

10 «Б»

Биология

З.Матжанова

ІІІ

6

Жапакова Айгерім

11 «Б»

Биология

З.Матжанова

ІІІ

7

Турегелдиева Аяна

9 «Д»

Математика

А.Сарсенова

ІІ

8

Егемберді Нұрзат

9 «В»

Физика

А.Қуанышева

ІІІ

2019 – 2020 оқу  жылындағы   ғылыми жобалар  2 оқушы, облыста 1 оқушы жүлделі орынды иеленді 

Оқушылардың

аты- жөні

Пәні

Пән  мұғалімі

Орны

1

Әбдібек Айғаныс

Биология 

З.Матжанова

ІІІ орын

2

Ашханова Балжан

География 

Г.Ускинбаева

Қалалық ІІІ орын

Облыстық І орын

Инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша мұғалімдердің біліктілігін, шығармашылығын арттыру жағдайы жылдан-жылға өсуде. 2019-2020 оқу жылында республикалық көлемде қашықтық олимпиадалар мен байқауларға пән мұғалімдері қатыстырылып, халықаралықта 2 мұғалім, республикалықта 153 мұғалім, облыстық байқауда 16 мұғалім, қалалық байқауда 18 мұғалім жүлделі орындарды иеленсе, 61 мұғалімнің сабақтары,баяндамалары басылымға,жинаққа жарияланды. 


Мұғалімдер жетістігінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші


2017-2018

оқу жылы

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

Халықаралық

1

10

2

Республикалық

40

128

153

Облыстық

13

10

16

Қалалық

14

11

18

  1. Облыстық байқаулар мен қашықтық олимпиадалардың жүлдегерлері

 Мектеп №

Мұғалімнің аты-жөні

Байқаудың атауы, түрі, өткізілген орны

Жүлделі орны 

1

№48 орта мектеп

Жүнісова Б.Қ

Облыстық «Шебер ұстаз» шығармашылық байқауы

ІІІ орын

2

№48 орта мектеп

Г.Рисбаева

«Әр жүректе шебер жан» облыстық онлайн байқауы

ІІ дәрежелі диплом


  1. Қалалық байқаулар мен қашықтық олимпиадалар жүлдегерлері 

 Мектеп №

Мұғалімнің аты-жөні

Байқаудың атауы, түрі, өткізілген орны 

Жүлделі орны 

1

№48 орта мектеп

Жантөреева Ж.С.

Мұғалімдер арасында өткізілген «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» атты байқауы

ІІ дәрежелі диплом

2

№48 орта мектеп

Зәкен Ерсұлтан

«Алтын диск» атты VII қалалық байқау 

«Тьютор мұғалім»

3

№48 орта мектеп

Силханова А

«Робототехника және 3D модельдеу «курстарынан өту барысында     «Сызбамен жүру қозғалтқыштары» бағыты бойынша өткізілген сайыс

II дәрежелі диплом

4

№48 орта мектеп

Зәкен Ерсұлтан

«Робототехника және 3D модельдеу

IІI дәрежелі диплом

5

№48 орта мектеп

Сатылғанова Кулайхан

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында пәндерді оқыту: өзекті мәсе-лелер және шешу жолдары» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқу

ІІ орын

6

№48 орта мектеп

Г.Түймеева

Химия пәні мұғалімдер арасындағы қалалық олимпиада

ІІ дәрежелі диплом

7

№48 орта мектеп

Шавалиева Ғ.Н

Қалалық «Шебер ұстаз» шығармашылық байқауы

ІІІ орын

8

№48 орта мектеп

Мектеп командасы

Қалалық «Волейбол» жарысы

І орын

9

№48 орта мектеп

Мектеп командасы

Қалалық «Футбол» жарысы

І орын



Мұғалімдер шығармашылығының басылымдарға жариялануның

3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші


2017-2018

оқу жылы

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

Халықаралық

2

6

2

Республикалық

30

48

49

Облыстық

13

6

8

Қалалық

1

0

2





Пән бірлестіктер бойынша мұғалімдердің рейтинг көрсеткіштері

р/с

Бірлестігі 

жоғары

орта

төмен

кризистік

Барлық 

1

Қазақ тілі

2

6



8

2

Орыс тілі

-

2

6

1

9

3

Ағылшын тілі

1

4

4

4

13

4

Тарих

3

2

1

-

6

5

ИФМ

10

2

2

1

15

6

ХБГ

6

2

1

1

10

7

Өнер

-

1

3

5

9

8

Бастауыш

11

5

11

2

29

9

Дене шынықтыру

1

7

5

-

13


жалпы

34

31

33

14

112






Шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналыспай, тек сабақ берумен шектелген кризистік деңгейдегі мұғалімдер: М.Ерденова -34, Ш.Ауелбекова-27, П.Мирзабекова - 19,  Б.Исақова - 36, А.Сартбекова - 25, Қ.Уразалиева - 35, Б.Кенжебаев - 47, С.Тасболат - 32, Ж.Қорабаев -23, Г.Мусаева - 23, С.Амирханова -19, А.Демешова -5, С.Ынтықбаева – 30.

Оқу жылы ішінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланатын және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі нәтижелі көрсеткіштері   бар, 16 ұғалім үздік деп танылды.

З.Матжанова, А.Сарсенова, Г.Рисбаева, М.Көшбаева, Ж.Жантореева, К.Сатылғанова, А.Үмбеталиева, Ж.Алдатаева, А.Самиркулова, С.Мамбетова, Г.Жунсалиева, Ф.Назарбекова, Г.Сапарбекова, А.Пернебаева, Қ.Жылысбаева, А.Қуанышева.

          Мектепті 2020-2021 оқу жылына дайындау үшін қалалық білім бөлімінен 460 000 теңге бөлініп   құрылыс заттары алынды. 2 спорт зал, асхана, мәжіліс залы, дәліздер, әжетханалар мен шағын орталықтың есік-терезе, қабырғалары, едендері сырланды. 2 сыныпқа 30 парта, 60 орындық алынып, 13, 16 кабинеттерге берілді. 200 шаршы метр әйнек алынып сынған, жамалған әйнектердің орнына салынды. 172000 теңгеге ҚР мемлекеттік рәміздері алынды.

ҚББ 246000 теңге бөлінді, барлығыңыз медициналық тексеруден өтіңіздер.

300000 теңгеге кеңсе тауарлары, 300000 теңгеге шаруашылық тауарлары алынды.


            



Проблемалар мен қиындықтар:

  • Қашықтан оку барысында оқушылардың техникалық құрылғылармен (компьютер, ноутбук, смартфон, планшет) толық қамтамасыз етілмеуі, ата-аналардың мүмкіндіктерінің аздығы.
  • Мұғалімдердің түрлі интернет-платформалармен жұмысты жақсы менгермеуі, сандық ресурстарды қолдану деңгейінің төмендігі,мүмкіндіктің материалдық-техникалық тұрғыдан әлсіздігі
  • Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құрал, таңдау және қолданбалы курс бағдарламалары мен нұсқаулық әзірленуінің төмендігі (әдістемелік оқу-құралын дайындау).
  • Бағалау жүйесінің нақты болмауы
  • Дарынды оқушылардың  қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар (олимпиада, ғылыми жоба) нәтижесінің аздығы; 
  • ЖОО, ғылыми орталықтармен байланыстың нақты келісім шарт бойынша жүргізілмеуі;


2020-2021 жаңа оқу жылының міндеттері:

  • Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру курстарына баруын күшейту, кәсіби  біліктілігін арттыру, сандық ресурстарды қолдану деңгейін арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту.
  • Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құрал, таңдау және қолданбалы курс бағдарламалары мен нұсқаулық әзірлеуін басшылыққа алу, жандандыру; Қала, облыс, республика көлемінде өткізілетін байқауларға қатыстыру, ұсыну;
  • Мұғалімдердің пәндік олимпиадалар мен түрлі деңгейдегі байқаулар, конкурстарға қатысуын нәтижеге бағыттау;
  • Оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім алушылардың білім сапасын ,функционалдық сауаттылығын арттыру, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамытуға қолдау көрсету;
  • Талантты оқушыларды анықтау және  шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамыту мақсатында мектепішілік байқаулар мен жарыстарға оқушылардың көбірек қатысуын бақылауға алу; Дарынды оқушыларды дайындау сапасын арттырып, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатыстыру.
  • ЖОО, ғылыми орталықтармен байланысты күшейту; 
  • Мұғалімдердің тәжірибелерін тарату жұмыстарын (баспа бетіне жариялау, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу) жалғастыру;
  •  1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі бойынша жұмыс істеу қағидалары мен санитарлық талаптар сақталсын, орындалуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құлмағанбетоваға және директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары К.Мырзабековаға жүктелсін.
  •  Қашықтан оқытуды жүзеге асыру  барысында мұғалімдерге техникалық дайындық, қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмін орындау, педагог имиджі және этикетті сақтау міндеттелсін.
  • Мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын тиімді білім беру интернет-платформасымен таныстыру А.Силхановаға жүктелсін.
  • 4. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктеріндегі өзгерістер ата-аналарға таныстырылсын, орындалуы мектеп үйлестірушілері А.Алипбаеваға,Ш.Науатоваға жүктелсін.



Сөз соңында айтарым,түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адмагершілік , ізгілік, қайырымдылық, батырлық, парасаттылық, Отансүйгіштік қасиеттер болуы шарт. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, руханият, ізгілік мәселелерін қатар қоюымыз қажет, сонда ғана біз рухы биік, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.Президент Қ.Тоқаев «Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты міндеті» деп атап көрсеткендей, ұлағатты  ұрпақ тәрбиелеу –аса жауапты әрі күрделі іс.

Педагогтарға жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденіс, ата-аналарымызға мектеппен тығыз жақсы қарым-қатынас, шәкірттерімізге алғашқы қоңырау үнімен тек сәттілік тілеймін! Індеттен аман өтейік, зор денсаулық тілеймін

Оқу жылымыз табысты әрі сәтті болсын!Табысты мектеп болайық!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив